Синоптиктер еліміздің солтүстік облыстарында демалыс күндері жаңбыр жауады деп болжауда. Бұл туралы ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап хабарлайды.
«Батыс Сібірде орналасқан циклонның артынан арктикалық ауа ағындары өзімен бірге суық және ылғалды ауа массаларын әкеледі. Олар республика аумағы арқылы жылжығандықтан, солтүстік облыстарда өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Сондай-ақ екпінді жел соғып, ауа температурасы төмендейді», – делінген Қазгидрометтің хабарламасында.
Қазақстанның қалған аумағында таулы аймақтарда жаңбыр жауады. Ауа температурасы көптеген облыстарда климаттық нормадан 2…4°С төмен болады.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<