Демалыс күндері еліміздің шығысында жел күшейіп, бұршақ жаууы ықтимал

235

0

 Демалыс күндері еліміздің шығысында жел күшейіп, бұршақ жаууы ықтимал Қазгидромет алдағы демалыс күндеріне, 28-30 шілдеге қатысты ауа райы болжамын жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«29 шілдеде өткінші жауын-шашындардың болуына қарамастан, республиканың солтүстік өңірлерінде күндіз ауа температурасы 25-30 градусқа дейін көтеріледі. Бұл Иранның аумағынан жылы ауа массаларының көшуіне байланысты болып отыр.
Еліміздің оңтүстік-батысында сынап бағанасы 40-42 градусқа дейін жетуі мүмкін. Қазақстанның шығыс өңіріне циклон ықпал етеді. Ол салқын әрі дымқыл ауа әкеледі деп күтілуде. Соның салдарынан өткінші жаңбыр жауады, бұршақ түсуі мүмкін. Сондай-ақ, жел күшейіп, ауа температурасы құбылуы ықтимал»,  – делінген хабарламада.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<