«Қазақстанның солтүстік аудандарына тағы да циклон келіп, ол республиканың барлық облыстарындағы ауа райына ықпал ететін болады. Алдағы үш тәулікте солтүстік облыстарда арктикалық суық ауа ағындарының ықпалымен қар аралас жаңбыр жауып, түнде тұман түседі және көктайғақ болады», – деп болжам жасады синоптиктер.
Республиканың оңтүстік бөлігінде жаңбыр жауып, күн күркіреп, қатты жел соғады. Ауа температурасы да құбылмалы болуы мүмкін.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<