Сурет ашық дереккөзден
«Қазгидромет» 2-4 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлады turkystan.kz.
Солтүстікте, шығыста, орталықта кей уақыттарда қатты жаңбыр жауады, Жетісу және Алматы облыстарының таулы аудандарында жауын-шашын, кей уақыттарда қатты жауын-шашын жаңбыр мен сулы қар түрінде күтіледі, найзағай, бұршақ, екпінді жел болады.
Бұл аймақтардағы ауа температурасы түнде 5-12, күндіз 13-20 жылы, түнде таулы аймақтарда 0-5 жылы болжанады.
Қазақстанның батысында ғана жауын-шашынсыз ашық ауа-райы, салыстырмалы түрде қолайлы температуралық фонмен сақталады. Еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман болады деп болжануда.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<