Демалыста күн райы қандай болады

8

0

Фото: Александр Павский / Kazinform

Барикалық құрылымдардың жылдам ауысуына байланысты алдағы күндері Қазақстан аумағында ауа райы тұрақсыз болып қала береді

Республика аумағының басым бөлігінде жаңбыр және қар түрінде жауын-шашын, боран соғып, желдің күшейіп, көктайғақ болады.

Шығыста, Қазақстанның батысында қалың қар жауады. Республиканың оңтүстігінде бүкіл кезең бойы жауын-шашынды (жаңбыр, қар) болады.

Температуралық фонда жылыну күтіледі:

батыста түнде 13-23 аяздан 0-10 аязға дейін, күндіз 3-12 аяздан 10 аяз – 2 жылуға дейін;

солтүстік-батыста түнде 17-28 аяздан 3-13 аязға дейін, күндіз 10-20 аяздан 0-8 аязға дейін;

солтүстікте түнде 18-28 аяздан 5-15 аязға дейін, күндіз 13-21 аяздан 10 аяз – 1 жылыға дейін;

оңтүстікте түнде 3-18 аяздан 5 аяз – 8 жылуға дейін, күндіз 13 аяз – 5 жылудан 5-15 жылыға дейін.

Шығыста түнде 0-12 аяздан 10-20 аязға дейін, күндіз 0-10 аяздан 7-15 аязға дейін ауытқу күтіледі.

Оңтүстік-шығыста түнде 0-13 аяздан 2-16 аязға дейін төмендеп, күндіз 0-13 аяздан 5 аяз – 8 жылыға дейін жоғарылайды.