Дене шынықтыру-сауықтыру кешені бой көтеруде

125

0

Фото: Жалағаш ауданы

Бүгін аудан әкімі Ардақ Ибраимов жаңа жұмыс аптасын Аққыр ауылдық округінің халқымен кездесуден бастады.

Қызылорда облысы бойынша «Үлгілі елді мекен» номинациясын жеңіп алған ауылда, жоба аясында жеңіп алған 15,0 млн теңгеге, аудандық бюджет 1,5 млн теңге жалпы құны 16,5 млн теңге болатын «спорттық жаттығу алаңының» жүргізу жоспарлануда.

Сонымен қатар, «Қазақстан халқына» қоры арқылы елді мекеннен жалпы құны 175,0 млн теңгеге жаңадан дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы жүргізілуде.

Ауылды абаттандыру барысында 1,3 млн теңгеге елді мекеннің кіре берісіндегі жасыл белдеуді қоршау және 1,0 млн теңгеге санитариясын қамтамасыз ету, өңірлерді дамыту бағдарламасы бойынша 548 мың теңгеге ауылға кіре берісіне және орталық көшеге 2 дана бейнебақылау камерасы орнату жұмыстары жүргізілген.

2024 жылы «Ер-Әлі» шаруа қожалығы суды қайта өңдеу арқылы Аққыр елді мекеніне 120 гектарға күріш екті.

1964 жылы құрылған ауылдық округтің бүгін әлеуметтік экономикалық даму қарқыны өскен, алдағы уақытта халық сұранысына сәйкес ауылдық клуб ғимаратын жаңарту, «Аққыр» каналына су шаруашылығы жұмыстарын жүргізу күн тәртібінде тұр.

Жалағаш ауданы әкімдігі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<