Қызылорда қаласында Кореяның қаһарманы Хон Бом Доның құрметіне арналған таеквондодан ашық республикалық турнирі басталды.
Турнирдің ашылу салтанатына «AMANAT» партиясы облыстық филиалының төрағасы Жандос Базартай қатысып, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Іс-шара барысында партияның облыстық филиалының төрағасы тарихи тұлғаның ерлігі мен оның қазақ жерімен байланысының маңыздылығына тоқталып, бүгінгі жарыстың тек спорттық дода ғана емес, ұрпаққа рух беретін тағылымды шара екенін атап өтті. Сонымен қатар, партияның сайлауалды бағдарламасы аясында бұқаралық спортты дамыту, жастарды салауатты өмір салтына баулу және спорт инфрақұрылымын жетілдіру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатқанын жеткізді.
«Хон Бом До – тағдыры қазақ жерімен тығыз байланысты, Кореяның азаттығы үшін күрескен бірегей тұлға. Бүгінде оның есімі Қызылордада ерекше құрметпен ұлықталып келеді. Осындай тарихи тұлғаның құрметіне ұйымдастырылып отырған бұл турнир – тек спорттық жарыс емес, жас ұрпаққа өнеге беретін маңызды бастама. Біздің басты мақсатымыз – бұқаралық спортты дамыту арқылы дені сау, рухы биік ұрпақ қалыптастыру», – деп атап өтті.
Cалтанатты шарада облыстық спорт басқармасының басшысы Бақтияр Артаев, Мемлекет және қоғам қайтаркері Бақберген Досманбетов спортшылардың жоғары жетістіктерге жетулеріне тілектестік білдіріп, ақ батасын берді.
Атап өтейік, республикалық турнирге 700-ден астам спортшы қатысуда.





