Денис Теннің өліміне қатысты алғашқы сот отырысы өтетін күн белгіленді

180

0

Денис Теннің өліміне қатысты іс бойынша алғашқы сот отырысы 25 желтоқсан күні Алматыдағы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сот отырысына судья Кеңшілік Әбділдинов төрағалық етеді.

Сотталушылар орындығында – Арман Құдайбергенов, Нұралы Қиясов және Жанар Толыбаева. Оларға тонаушылық, адам өлтіру және қылмыс туралы хабар бермеу бойынша айыптар тағылған.

Қылмыстық іс 38 томнан тұрады.

Еске салсақ, қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен 19 шілде күні пышақ жарақатынан көз жұмған еді.

Алматылық дәрігерлер пышақ жарақатын алған Денис Тенді аман алып қалуға барын салғанымен, тым көп қан жоғалтқан спортшының жанын сақтап қалу мүмкін болмады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<