2018 жылы елімізде менингиттен 58 науқас тіркелген. Жұқпалы ауруға қатысты ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов пікір білдірді.
«Жыл басынан бері Қазақстанда менингит инфекциясын жұқтырған 58 науқас тіркелді. Биыл осы дерттен 12 адам қайтыс болды, соның ішінде бесеуі – 14 жасқа дейінгі жеткіншектер», – деді министр Орталық коммуникациялар қызметінде.
Министр сонымен қатар менингит бойынша екпе 22 мың теңге тұратынын және оның қымбаттамауын қадағалайтындарын жеткізді. Сондай-ақ ол қазақстандықтарды әлеуметтік желілердегі жалған ақпараттарға сеніп, даурықпауға шақырды.
www.24.kz
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<