Денсаулық сақтау саласы даму үстінде

269

0

Денсаулық сақтау саласы даму үстінде Серпінді Сырдария ауданының 90 жылдық айтулы мерейтойын ауданның денсаулық сақтау саласы жарқын жетістіктермен қарсы алуда.
Аудан бойынша, денсаулық сақтау саласында 700-ге жуық қызметкер еңбек етсе, оның ішінде 77 дәрігер, 367 орта буын және 145 кіші буын қызметкерлері және тағы да басқа мамандар бар.
Осыдан төрт жыл бұрын, яғни 2014 жылдың 6 шілдесінде аудан орталығынан ашылған 250 орындық жаңа емхана бүгінде заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген.
Айта кету керек, соңғы жылдары ауданға қарасты Бесарық, Айдарлы, Іңкәрдария ауылдарында жаңадан дәрігерлік-амбулаториялар бой көтерді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<