«Денсаулығы нашарлап, қиналып жатыр»: Туған анасын іздеген Жәнібек тосын жайтқа тап болды

270

0

Фото: @muratsaveliev

Бұл туралы ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

«Құрметті қазақстандық әкелер, аналар, ағалар мен әпкелер, замандастар! Хал-жағдайларыңыз қалай? Жақсы деп ойлаймын, өйткені сіздер туған елдеріңізде өмір сүріп жатырсыздар. Туған анамды іздегеніме 6 айға жуық уақыт өтсе де, анамдай болып кеткен Қымбат апайым мен әпкемдей болған Әсел, Арқалық полициясы іздеуді тоқтатқан емес. ДНҚ зерттеулері үздіксіз тапсырылып, тексеріліп жатыр, Осындай маңызды жұмыс жүргізіп жатқан барша жанашырларыма алғыс айтамын», – дейді Жәнібек.

Жеке басында қиындықтар болып жатқанын да жасырмады.

«Өзіме келер болсам, жеке басым үшін соңғы кезде оңай болмай тұр. Асырап алған анамның денсаулығы нашарлап, қатты қиналып жатыр. Мен анама, алдыңғы бейнероликте сіздердің жазған жүрекжарды пікірлеріңізді оқып беріп, көңілін көтердім. Әрине бұның бәрі уақытша көңілін аулау екенін түсінемін. Ал жоспарым туралы айтар болсам, алдағы уақытта менің балалық шағымнан (балалар үйі) хабар беретін әдемі және қызықты бейнебаян жариялаймын және Алла қолдасын, жақында өздеріңізбен кездесемін деп үміттенемін!» – деп жазды ол.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<