Денсаулық сақтау саласы I тоқсанды айтулы жұмыстарын аяқтады

1468

0

Фото: көпбейінді облыстық ауруханасы

Бүгін көпбейінді облыстық ауруханасының мәжіліс залында аймақтың бас дәрігері Искаков Олжас Ермекұлының төрағалығымен облыстық денсаулық сақтау басқармасының I тоқсанды қорындылау бойынша Алқа отырысы болып өтті.

Алқа отырысына ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің құрылымдық филиалдарының басшылары және облыстық денсаулық сақтау басқармасының қызметкерлері мен медицина ұйымдарының басшылары қатысты.

Өңіріміздің денсаулық сақтау саласында 2024 жылдың I тоқсанында атқарылған жұмыстарды қорытындылап, жыл соңына дейін межеленген міндеттерді талқылауға арналған жиынның күн тәртібінде «Қызылорда облысы бойынша туберкулезге қарсы атқарылған іс-шаралардың 2024 жылдың I тоқсан есебінің мониторинг қорытындысы, Жаңақорған аудандық көпбейінді орталық ауруханасымен ана мен балаға медициналық көмек көрсету жағдайын және қол жеткізілген индикаторлық көрсеткіштерін талдау, облыс көлемінде стационарлық көмек көрсететін медицина ұйымдарының рейтингтік бағалау көрсеткіштерін талдау мәселелері қаралды.

Аталған тақырыптар төңірегінде ҚР ҰФҒО директоры Аденов Малик Молдабекұлы, Жахандық жобаларды іске асыру тобының менеджері, медицина ғылымдарының докторы, профессоры Исмаилов Шахимурат Шаимұлы, ҚР ҰФҒО МжБ тобының жетекшісі Алғазиева Гүлбану Дәулетханқызы, Қылмыстық атқару жүйесі бойынша Ұлттық үйлестіруші, Қазақстан Фтизиопульмонологтары Ассоциациясының президенті, профессор Ерiмбетов Кұлахмет Дiлдахметұлы және басқарма басшысының емдеу-алдын алу жұмыстары  жөніндегі орынбасары Абубакирова Жаныл Исақызы, басқарманың ана мен бала денсаулығын қорғау бөлімінің басшысы Тулегенова Айгүл Асылбекқызы, Жаңақорған аудандық көпбейінді орталық ауруханасының бас дәрігері Тәңірберген Амитов, медициналық көмекті ұйымдастыру бөлімінің басшысы Раушан Бактиберлина баяндады.

Тақырыпқа сәйкес медицина ұйымдарының  жұмысымен танысқан өңір бас дәрігері халыққа әрдайым сапалы әрі медициналық қызмет көрсету басты мақсат екендігін айта келе, көңіл аударатын тұстарға тиісті тапсырмаларын беріп өтті.              

Жиын соңында Олжас Ермекұлы ұзақ жылдар бойы денсаулық сақтау саласында қызмет еткен бастапқы медициналық-санитариялық көмекті ұйымдастыру ісінің қас шебері, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жүйесінің майталманы Аяпова Жанат Рахманқызына «Құрмет» грамотасын табыстап, зейнеттiк демалысқа шығарып салды.

Айта кетейік, 2023 жылы саламызда инфрақұрылымды нығайту мақсатында ауқымды жұмыстар атқарылды. Жалпы құны 3,4 млрд теңгені құрайтын 9 нысанда күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді (2023 жылға бөлінгені 1,8 млрд теңге). Оның ішінде көп жылдан бері күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілмеген, облыстық фтизиопульмонология орталығының (Жоба құны 1,2 млрд. теңге. 2023 жылға 500,0 млн.теңге бөлінді) және облыстық психикалық денсаулық орталығының ғимараттары күрделі жөндеуден өтті (Жоба құны 1,3 млрд. теңге, нысан 2024 жылға өтпелі болып табылады).

Денсаулық сақтау ұйымдарына 512,5 млн. теңгеге 25 дана санитарлық көлік, 78,0 млн. теңгеге 208 дана компьютер жиынтығы сатып алынды.

Денсаулық сақтау саласы I тоқсанды айтулы жұмыстарын аяқтады

Денсаулық сақтау ұйымдарын материалдық-техникалық жабдықтармен қамтамасыз етуге 5,4 млрд. теңге қаржы бөлінді. Ұлттық жоба аясында өңірімізде құны 11,0 млрд. теңгені құрайтын 27 нысан тізімге енгізіліп, 2023 жылы 16 дәрігерлік амбулаторияның құрылысы аяқталып, ел игілігіне берілді. Ал, 11 нысанның құрылысы ағымдағы жылы жүргізіледі. Осы бөлінген қаржының барлығы өңіріміздің денсаулық сақтау саласының инфрақұрылымын дамыту бағытында ел игілігіне жұмсалды.

Осы орайда атап өткен жөн, облыстың медицина саласын жетілдіруге бюджеттен тыс ресурстар да тартылуда. «Қазақстан халқына» қоғамдық қорымен әріптестік байланыс орнатылып, екі жылда аймақтың денсаулық сақтау саласына 2 млрд. теңге көлемінде қаржы тартылды. Бұл қаржыға облыстық балалар ауруханасы базасында «Қамқорлық» оңалту орталығы ашылып, денсаулық сақтау саласына қажетті аса қымбат дәрі-дәрмектер алынды.

Сонымен қатар, біз мамандарымызды алыс және жақын шетелдерде оқытуға, озық тәжірибе негізіндегі инновациялық емдеу тәсілдерін енгізуге бет бұрдық. Жетекші клиникалар мамандарының қатысуымен шеберлік класстарын ұйымдастыру арқылы мамандарымыздың шеберліктерін шыңдау да біздің жоспарымызда. 2024 жылға жергілікті бюджеттен мамандардың біліктілігін шетелдік жетекші клиникаларда арттыруға қаражат бөлініп, бүгінгi күнi бұл жұмыс басталып кетті. Қазіргі таңда 10 анестезиолог-реаниматолог, 5 кардиолог Түркияның Стамбул қаласындағы «Мемориал чичли» клиникасында біліктіліктерін арттырып келді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<