Әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті

226

0

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментімен Әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті.
Отырыс барысында облыстық білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ж.Шынтасовтың және облыстық әділет департаментінің басшысы И.Бәкішеваның мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамалары, Әдеп кодексі бұзушылықтарының профилактикасы бағытында атқарылған жұмыстары бойынша есептері тыңдалып, тиісті ұсынымдар енгізілді.
Үшінші мәселемен, Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Арал-Сырдария бассейндік инспекциясының Әдеп жөніндегі уәкілі З.Қазтоғановтың 10 айда атқарған қызметінің нәтижесі тындалды.
Сонымен қатар Қармақшы ауданы, Иіркөл ауылдық округінің әкімі Б.Қалдашбаевтың тәртіптік ісі қаралып, қызметтік автокөлікті мақсатсыз пайдалануға жол бергені үшін Б.Қалдашбаевқа «ескерту» түріндегі тәртіптік жазаны қолдану ұсынылды.

М.СНАДИН.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<