Депутаттықпен қош айтысқан Сәпиев басшылық қызметке келді

226

0

Депутаттық лауазымнан өз еркімен бас тартқан Серік Сәпиев жаңа қызметке тағайындалды деп хабарлайды Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Бұған дейін депутат болған Олимпиада чемпионы енді спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы қызметін атқарады.

Айта кетейік, бүгін парламент мәжілісінің депутаты Серік Сәпиев өкілеттілігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы шешім қабылдаған болатын.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<