Жалағаш ауданы Таң ауылында мақсары майы, күріш лапшасы, жүгері ұнын өндіруге арналған өндірістік база салынуда.
Бүгін ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты Мұрат Әбенов Жалағаш ауданына жұмыс сапары барысында кәсіпкерлік нысанның жұмысымен танысты, деп хабарлайды Syrboyi.kz.
Жалағаш ауданы әкімдігінің берген мәліметінше, мемлекет тарапынан «Байқоңыр» ӘКК» ҰҚ» АҚ арқылы 122,0 млн. Теңгеге қолдау тапқан ауқымды жобаның жалпы құны 422 млн теңге, жеке қаражат есебінен 300 млн теңге бөлінген. Өндірістік базада 22 адамды тұрақты жұмыспен қамту жоспарланған.
ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты Мұрат Әбенов Жалағаш ауданына жұмыс сапары барысында тұрғындарға қоғамдық қабылдау өткізіп, «Ауыл аманаты» жобасы, аудандық емхананың кәріз жүйесі жөнінде мәселелерді тыңдады.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<