Депутат жайылымдық жерге су баруына жағдай жасады

504

0

Фото: Аманат партиясы

Бүгінде мал жайылымдық жердің тапшылығы ауылдардағы өзекті мәселелердің біріне айналған. Бұл бағытта «AMANAT» партиясы «Жер аманаты» комиссиясымен игерілмей жатқан жайылымдық жерлерді халық игілігіне қайтаруға жұмыс жасаса, партия атынан сайланған депутаттар да бұл бағыттағы мәселелерге атсалысуда.

Мәселен, аудандық мәслихат депуаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Райымбек Бөлебаевтың көшпелі қабылдауында болған Ғ.Мұратбаев ауылының тұрғындары ауылға іргелес жайылымдық жерлерге аяқ су апару мәселесін көтерген.

Бұл ретте халық қалаулысы Райымбек Болатбекұлы мал шаруашылығымен айналысатын сайлаушыларының мәселесін назардан тыс қалдырмады. Жайылымдық жерлерді аяқ сумен қамтамасыз ету үшін арнайы техника апарып, су жолдарын тазартып, мал жайылымын суландыруға жағдай жасады. Өз кезегінде ауыл тұрғыны Елеусіз Әбуов депутаттың ауыл үшін жасаған игі ісіне тұрғындар атынан ризашылығын білдіріп, алғысын жеткізді.

Айта кетейік, аманаттық депутат осы кезге дейін де сайлаушылардың талап-тілегін ескерусіз қалдырған емес. Бозкөлдегі тозығы жеткен ашық спорт алаңын өз қаражаты есебінен қайта қалпына келтіріп, шалғайдағы Кәукей ауылының егістік жерлерін тазалап, дайындаумен қатар оның толық сумен қамтылуына жағдай жасады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<