Депутат Еділ Жаңбыршин қосымша құн салығының шегін 15 млн емес, 40 млн теңгеге төмендетуді ұсынды

366

0

Үкімет Мәжілісте Салық кодексінің жобасына қатысты жаңа бастамаларын таныстырды деп хабарлайды Syrboyi.kz.

Ұлттық экономика министрінің бірінші орынбасары Азамат Амриннің сөзінше, жұмыс тобы аймақтарды аралау кезінде бизнес және жұртшылықтан түскен ұсыныстарды талқыға салған. Оның ішінде азық-түлік пен өзге де тауар категорияларына қатысты ҚҚС төмендету жайлы ұсыныс болған. 

Десе де  атқарушы билік қосылған құн салығын есепке қою шегін 80 млн теңгеден 15 млн теңгеге дейін төмендетуді ұсынды.  Ал  Мәжіліс депутат Еділ Жаңбыршин бұл жаңашылдықты бірден қолданған дұрыс емес екенін айтып, шикіліктің көп екенін  алға тартты.

«Ішкі жалпы өнімде шағын және орта бизнестің үлесін 60 пайызға жеткізіңдер, сонда қосылған құн салығын жинау көрсеткіші де, салық та өседі. Бізде тауардың импорты өсіп отыр. Яғни, бізде өңдеуші өндіріс жоқ деген сөз. Бұл мәселе неге қаралмаған? Мына кодексте сол туралы ештеңе де айтылмаған. Біз машина жасау, химия өңдеу өнеркәсібін неге дамытпаймыз?», – деді депутат.

Сондай-ақ, мәжілісмен дамыған елдердің экономикасы бойынша нақты дәлелдер келтіріп, Қазақстанның деңгейінің әлі де жетіспейтігін жеткізді.