Дер уақытында қабылданған шешім

206

0

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың кезектен тыс Президент сайлауын өткізу туралы Үндеуі дер уақытында болып отыр.

Сайлауда Қазақстан халқы келешекте жаңа әлемдегі жаңа Қазақстанның форматын қалыптастыратын үміткерді сайлайтын шығар деген үміттемін. Оған біздің сайлау, дауыс беру тәжірибеміз де, жан-жақты оқиғаларды сараптай білетін, аналитикалық ой-пікіріміз де жеткілікті.

 Сондықтан бұл ретте біз бұрынғы стереотиптен гөрі бүгінгі жаңаша сайлаудың, демократиялық сайлаудың талаптарын барынша сақтаймыз деген ойдамын.

Шакизада Әбдікәрімов,

облыстық мәслихат депутаты.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<