Детектив шығармалар байқауының жүлдегерлері марапатталды

1985

0

Сыр елінде жазушы Кемел Тоқаев атындағы V республикалық детектив шығармалар байқауын қорытындылаған салтанатты шара өтті. 

Биыл дүбірлі доданың бесінші мәрте жалауы желбіреп, еліміздің барлық өңірлеріндегі шытырман шығарма шеберлерінің басын қосты. Айтулы шараға облыс әкімінің орынбасары Нұрымбет Сақтағанов арнайы келіп, республикалық байқаудың маңыздылығына тоқталды. 

«Қазақ детектив жанры – екінің бірі бара бермейтін қызықты әрі күрделі жанр. Сол себепті еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған тың туындылар қандай марапатқа ие болса да лайық. Шытырманға толы ерекше шығармашылығын ұсынған барлық қатысушыларға алғыс айтамыз», – деді облыс әкімінің орынбасары Нұрымбет Сақтағанов.

Салтанатты шарада «Заң» медиа-корпорациясы ЖШС директоры Досымбек Өтеғалиев республикалық сайыстың қорытындысын баяндады. Сонымен қатар, шығармашылық байқаудың дәстүрлі түрде жыл сайын жалғасатынын тілге тиек етті.

«2018 жылы алғаш рет біз детектив жанрын ілгерлету мақсатында республикалық байқау жариялаған болатынбыз. Содан бері жыл сайын қатысушылар саны артып, көптеген детектив жанрындағы шығармалар ұсынылды. Биыл үш жарым ай ішінде 106 шығарма бізге келіп түсті. Әр шығарма өзінің ерекшелігімен әрі қылмыс ашудағы қызықты оқиғалармен тамсандырды. Сол үшін де үздіктерді анықтау қиынға соқты. Баршаларыңызға сәттілік тілеймін», – деді Досымбек Қонысбекұлы.

Байқау қорытындысы бойынша «Оқырман таңдауы» номинациясымен «Алқаракөк» шығармасы үшін Алматы қаласының тұрғыны Дидар Қосылбеков, жүлделі III орын «Түтін» шығармасы үшін Астана қаласының тұрғыны Айгүл Кемелбаева, жүлделі III орынмен «Оралманның ойраны» шығармасы үшін Қызылорда қаласының тұрғыны Тұрақ Ахетов, жүлделі II орынмен «Тылсым түннің қүпиясы» шығармасы үшін Ақтөбе облысының тұрғыны Бақыт Жалиева, жүлделі II орын «Тамұқтан жеткен үн» шығармасымен Алматы облысының тұрғыны Нұрлан Шынтаев, I орынмен «Үтіктегі қан» шығармасы үшін Қызылорда облысының тұрғыны Алдажар Әбілов марапатталды. Ал бас жүлде Жетісу облысының тұрғыны Асхат Өмірбаевтың «Қылмыскердің күлкісі» шығармасына бұйырды.

Детектив шығармалар байқауының жүлдегерлері марапатталды
Детектив шығармалар байқауының жүлдегерлері марапатталды
Детектив шығармалар байқауының жүлдегерлері марапатталды
Детектив шығармалар байқауының жүлдегерлері марапатталды
Детектив шығармалар байқауының жүлдегерлері марапатталды
Детектив шығармалар байқауының жүлдегерлері марапатталды
Детектив шығармалар байқауының жүлдегерлері марапатталды
Детектив шығармалар байқауының жүлдегерлері марапатталды

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<