«Development Day»

258

0

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпарациясы» КЕ АҚ Қызылорда облысы бойынша филиалы «Development Day» жобасы аясында «Келіссөз жүргізу» тақырыбында семинар тренинг өткізді.

Тренингті Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті «Экономика және менеджмент» кафедрасының профессоры, экономика ғылымдарының кандидаты Айгүл Мұханова жүргізді. Семинарға басқарма басшылары мен қызметкерлер және қалалық бөлім басшылары қатысты.

Дәрісте Айгүл Ерденбекқызы көліссөздер жүргізу процесіндегі заңдылықтарға тоқталып, жүзеге асыру мен нәтижелігіне мән беру керегін баса айтты.

Келіссөз жүргізу тәсілін меңгеруге арналған семинар-тренингте топпен шешім қабылдау, келіссөз жүргізу технологиясы, жоспарлау бойынша жұмыстар жасалды.

«Азаматтарға арналған үкімет»

мемлекеттік корпарациясы»

КЕ АҚ Қызылорда облысы бойынша

филиалының баспасөз қызметі

 

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<