Дэвид Бекхэм Британияның сән елшісі атанды

291

0

Дэвид Бекхэм Британияның сән елшісі атанды Британия сән кеңесі (BFC) атақты футболист Дэвид Бекхэмді президент етіп сайлады. Енді ол ресми сән елшісі қызметін атқарып, АҚШ-тан Азияға дейінгі кеңістікте өз елінің дизайнерлерін насихаттау жұмысын жүргізеді. Осылайша, әлем нарығына ықпал жасамақ. 
«Менің негізгі міндетім – Британия сән кеңесін(BFC) және барша фэшн-дизайнерлерді қолдау. Осы міндетті толыққанды атқара отырып, отандық сән үйлерінің АҚШ пен Қытай сынды ірі киім нарығында ұтымды сауда ж8ргізуіне септігімді тигізу», – деді Бекхэм  Vogue журналына берген сұхбатында. 
Бұл жұмысты жүзеге асыру жолында ең бірінші жасалатын дүние – білім беру. Жастар арасында сән өндірісіне деген қызығушылықты арттыра отырып, тегін оқуға мүмкіндік туғызуды алға қояды. Дэвид Бекхэм 2020 жылға дейін осы қызметті атқарады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<