Отандық шоу-бизнестің жұлдызы Мақпал Исабекова денсаулығына қатысты ел күтпеген жайсыз жаңалықпен бөлісті. Танымал әнші ауыр сырқатқа душар болғанын айтты, деп хабарлайды Экспресс К.
Былтыр 37 жасында алғаш рет тұрмыс құрып, осы жылы ана атанғанда Мақпал Исабекованың қуанышында шек болмаған еді. Бүгінде өнер иесінің көңіл-күйі жоқ. Таяуда медициналық тексерістен өткен ол дәрігерлерден денсаулығына қатысты сұмдық диагнозды естіпті. Сол сәттен бастап Мақпалдың көзінен жас тоқтамаған. Өйткені емізулі баласы бар жас ананың мұндай аты жаман ауруды алғаш рет естуі.
Диагноз расталды. Ол – гипофиз микроаденомасы. Кейін оқып, білдім. Аденома деген – ісік екен, бірақ қатерлі ісікке жатпайды. Дегенмен де бұл ісіктің өсуі, ұлғаюы. Бұл сырқат қазіргі таңда адамдарда жиі кездеседі екен, – деп жылады Мақпал Исабекова.
Мақпал ауыр сырқатына қатысты бүкіл сырын өнердегі құрбысы актриса Айнұр Ілиясоваға айтып, студияда көз жасына ерік берген. Ал Исабекованың денсаулығына алаңдаған халық оны жұбатып әлек..
«Әлі жассыңдар, ауырмаңдар. Дер кезінде ем қабылдасаң, бәрі жақсы болады», «Мақпал, уайымдама. Бәрі жақсы болады», «Алып жатқан еміңнің шипасын берсін», – деп жазды желідегі жұрт.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<