Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің «Дидар» ансамблі 2000 жылы наурыз айында құрылған. Ансамбльдің бағдарламасында халық әндері, күйлері, термелері мен қазақ халық композиторларының шығармалары мен шетел шығармалары қамтылған.
Ансамбль тек қана қазақ сахнасында ғана емес, көптеген алыс жақын шет мемлекеттерде өз өнерін көрсетіп жүр. Өнер ұжымы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясы мен түлектерінен құралған.
2021 жылы ансамблдің құрамы 50 пайызға қайта жасақталып, музыкалық аспаптар 90 пайызға, репертуары 80 пайызға жаңартылды.
Қазіргі таңда ансамблді жаңа деңгейге көтеру мақсатында көркемдік жетекшісі әрі дирижері қызметіне ҚР еңбек сіңірген қайраткері, қауымдастырылған профессор Мүсілім Әмзе шақырылды. Есеп беру кешінде Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, белгілі әнші Жеңіс Ысқақова өз өнерін көрсетті. Жеңіс Ермағанбетқызы 2021 жылдан бастап университеттің «Дәстүрлі музыка өнері және хореография» кафедрасының аға оқытушысы болып қызмет атқарады.
Ансамбль Түркия, Оңтүстік Корея елдерінде Сыр елінің өнерін паш еткен. Халықаралық «Шабыт» және Республикалық «Ғасырлар үні», «Жұбанов көктемі» фестивальдерінің бас жүлдесіне ие болған.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<