Димаш Құдайбергеннің әні 2019 жылдың ең үздіктерінің қатарына кірді

162

0

Қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің бейнебаяны 2019 жылдың үздіктерінің қатарына кірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ресейдің «Муз-ТВ» арнасы 2019 жылдың қорытындысын жасады. Олар өткен жылдың ең үздің 100 бейнебаянын таңдаған. Арнаның ұйымдастырған жобасында танымал орындаушылар 2019 жылы олардың көңілдерінен шыққан басқа әншілердің бейбаяндарын таңдапты. Димаштың «Любовь уставших лебедей» әніне түсірілген бейнебаяны 24 орынға табан тірепті. 

Димаштың өзі Бейонсенің «Spirit» әнін қолдаған. 

«Маған 2019 жылдағы Бейонсенің «Spirit» әніне түсірлген бейнебаяны қатты ұнады. Ол – өте талантты әнші. Оның барлық бейнебаяндары керемет, ал әндері тіпті тамаша. Оларды халыққа әсерлі түрде жеткізеді. Музыкалық тұрғыда бейнебаянның продюссерлігі шеберлікпен атқарылған», – деп түсіндірді Димаш өз таңдауын.