Күллі әлемге танымал әнші Димаш Құдайберген су тасқанынан зардап шеккен Ақтөбелік жерлестеріне барып қайтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы Димаш Құдайберген өзінің Instagram парақшасында жариялады.
«Бүгін Ақтөбеге келіп, судан зардап шеккен тұрғындарымен кездестім. Оларға қиындықты еңсеруде мықты болуға шақырып,күшіміз бірлікте екенін айттым», – делінген жазбада.
Жазба пікірлері қатарында еліміздің азаматтары Димашқа алғысын жаудырып жатса, әлемнің түкпір-түкпіріндегі оның жанкүйерлері еліміздің осынау қиын-қыстау күннен тезірек шығуына тілектес екенін жеткізді. Алда жақсы да жайма-шуақты күндер күтіп тұрғанына сенім білдірді.
Сонымен қатар, Димаш Құдайбергенде еліміздегі өзге де мәдениет шоу-бизнес өкілдері сынды халыққа өзінің қаржылай көмегін ұсынды.
Танымал әнші эвакуация пунктіндегі халықпен кездескеннен кейін, қалада ашылған гуманитарлық көмекті үйлестіру орталығына барып, волонтер жастармен кездесіп алғысын білдірді.
Айта кетейік, су тасқыны басталғаннан бері, күні бүгінге дейін 96 мыңнан астам қазақстандық апат аймағынан құтқарылған.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<