Әлемге әйгілі әнші, жерлесіміз Димаш Құдайберген Мемлекет басшысы сыйға тартқан тазымен түскен суретін жариялады.
«Осыдан бірнеше ай бұрын Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы тазы сыйлап, ерекше тарту жасаған еді. Оған «Ғарышкер» деп ат қойып, содан бері сенімді серігіме айналған болатын. Жеті қазынаның біріне саналатын тазыны қазақ халқы қадірлей білген», – деген жазба қалдырды Димаш Құдайберген Instagram парақшасында.
Сондай-ақ, әнші Мемлекет басшысын туған күнімен құттықтады.
«Осындай тамаша, баға жетпес қазынаны тарту еткен ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлын туған күнімен шын жүректен құттықтаймын! Сізге елге қызмет істеу жолында қажымас қайрат, күш-қуат тілеймін! Сізге шын жүректен зор денсаулық, сарқылмас қуат және Отанымыздың игілігі үшін жаңа жетістіктер тілеймін. Ел болашағы жарқын болсын!», – деп тілек айтты.
Еске сала кетсек, былтыр күзде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әнші Димаш Құдайбергенге тазының күшігін сыйлаған еді.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<