Жалған билеттерді жеке тұлғалар сатады және жарнамаларды тегін сайттарға, атап айтқанда OLX-қа орналастырады. Билеттерді осы жолмен сатып алған көрермендер концертке кіре алмайды. Концертті ұйымдастырушылар қала тұрғындары мен қонақтарын билеттерді кассалардан немесе ресми сайттардан – zakazbiletov.kz және biletiastana.kz сатып алуға шақырады.
Дереккөз: aikyn.kz





