«Хабар» Агенттігі» АҚ Динара Бисембинаның «Хабар» арнасы директоры лауазымына тағайындалғанын хабарлады.Динара Асқарқызы Бисембина М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Кәсіби мансабын елордада «Литер» газетінің тілшісі ретінде бастады. «Хабар» Агенттігі» АҚ-да 2015-2017 жж. аралығында қызмет атқарды. Осы уақытқа дейін Қызылорда облысы әкімінің БАҚ мәселелері бойынша кеңесшісі болып еңбек етті.





