Дүкеннен мерзімі өткен 35 өнім анықталды

386

0

Дүкеннен мерзімі өткен 35 өнім анықталды Астананың Сарыарқа ауданындағы дүкендердің бірінде жарамдылық мезімі өтіп кеткен 35 азық-түлік өнімі анықталды, – деп хабарлайды ҚазАқпарат Елорда Инфо сайтына сілтеме жасап.
«Сарыарқа ауданының Қоғамдық денсаулықты қорғау басқармасының мамандарымен азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздігіне мониторинг жүргізу кезінде Есенберлин көшесі, 38 үй мекен-жайында орналасқан «Сұңқар» дүкенінде пайдалануға жарамсыз 35 түрлі өнім анықталды. Өнімдердің пайдалану мерзімінің өтіп кеткеніне 2 күннен 5 айға дейін уақыт болған», – делінген Астана қалалық Қоғамдық денсаулықты қорғау департаментінің хабарламасында.
Анықталған жарамсыз өнімдердің қатарында күріш, дәнді дақылдар, кондитер өнімдері (тоқаш, какао-вафли, кәмпит, сүтті шоколад), нан өнімдері (қытырлақ нан, тоқаштар), сүт өнімдері (сүт, ірімшік, ірімшік десерті), ет консервілері, соустар, чипсы, кетчуп және тағы басқалары болды.  Мәселен, Италияда жасалған «Kinder Delice» бисквитті сүтті тоқашының дайындалған мерзімі 13.10.17 жыл, ал пайдалану мерзімі 10.02.18 жылға дейін деп көрсетілген.
«Мониторинг кезінде тез бұзылатын және кремді-кондитерлік өнімдердің тіисті құжат пен маркілеусіз жаппай сату фактісі анықталды. Белгілі болғандай бірқатар кондитерлік өнімдердің қауіпсіздігін растайтын және рұқсат құжаттарының жоқтығы белгілі болды. Осыған орай, департамент тұтынушыларға азық-түлік өнімдерін сатып алу кезінде оның сыртында көрсетілген – дайындалған күні, жарамдылық мерзімі, сақтау шарттары және тағы басқасын растайтын мәліметтермен мұқият танысуларын сұрайды», – делінген хабарламада. 
 Сондай-ақ, ведомство қала дүкендерінде қандай да бір мерзімі өтіп кеткен өнімді анықтаған жағдайға аумақтық Қоғамдық денсаулықты қорғау органдарына хабар беру қажеттігін ескертеді.  

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<