«Сіздер көріп отырсыздар, дедолларландыру бізде сәтті өтті. Әрине, мұның барлығы бір сәтте болып кетуі мүмкін емес. Бірақ біз өзіндік өндірісімізді арттырдық, әсіресе, өндірістік тауарларды. Біз валюта бағамына тәуелді емеспіз», – деді министр. Сондай-ақ, министрдің айтуынша, халық тауарлардың бағасын көбіне теңгемен есептейтін болған. Айта кетейік, KASE қор биржасының 3 шілдедегі таңғы саудасында ұлттық валюта бағамы долларына 342,97 теңгеге тең болды. Астана уақыты бойынша сағат 11.35 -те Brent маркалы солтүстіктеңіз мұнай қоспасының құны барреліне 77,7 доллар болды.
Доллар бағамына тәуелді емеспіз – Сүлейменов
03.07.2018
498
0





