Домбыра – қазақтың қоңыр үні

412

0

Шиелі ауданында «Ұлттық Домбыра» күніне орай «Қасиетті, киелі – қазақтың қара домбырасы» атты шара өтті. Жиынды Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық  мақаласы аясында аудандық тарихи-өлкетану музейі мен Нартай өнер мектебі ұйымдастырған.
Шара барысында Шиелі аудандық тарихи-өлкетану музейінің директоры Өсербек Тұрсынбекұлы алғаш рет атап өтілгелі тұрған «Ұлттық Домбыра күні» мерекесінің маңызын, ұлт мерейін асқақтатуда алар орнын айтты. Жастарға домбыраның шығу тарихы мен құрылымы, қазақ халқының мәдениетінде алатын орны түсіндірілді.  Нартай өнер мектебінің өнерпаздары халықт әндерін шырқап, күмбірлеген күй төкті. Кеш соңы музей көрмесін тамашалауға ұласты. «Сыр ұланы» лагері мен мектеп жанындағы лагерлердегі демалушы балалар, балабақша бүлдіршіндері музейге ақысыз кіріп, тамашалады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<