Донор бол да, өмір сыйла

586

0

Фото: Ассамблея Қызылорда

Қызылорда облыстық қан орталығында «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастыруымен қайырымдылық акциясы өтті.

Игі іске облыстық қоғамдық даму басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ қызметкерлері, барлығы 20 адам қатысты.

Қан орталығына келген донорлардың ең алдымен денсаулықтары толық тексеруден өткізілді. Олардың қант мөлшері, гемоглобин көрсеткіші мен түрлі ауру белгілерінің бар-жоғы зертханалық жолмен анықталып, содан кейін ғана донор болуға мүмкіндік берілді.

Айта кетейік, донор болуға салмағы кемінде 55 келі жасы 21 мен 60 жас аралығындағы азаматтар қабылданды.

Донор болу бақыты бәріне бірдей бұйыра бермейді. Мысалы, сары аурумен ауырғандар, жалпы қандағы гемоглобин мөлшері төмен адамдар донор бола алмайды. Мұнан бөлек, ота жасатқандарға, тісін емдетіп, жұлдыртқандарға, дәрі-дәрмек тұтынғандарға, екпе салдырғандарға донор болуға шектеу қойылған.

Жалпы қан тапсырудың пайдасы мол. Белгілі мөлшерде қан өткізілгеннен кейін қан жасушалары жаңарып, жаңа қан пайда болады. Атресклероз, қан қысымы ауруы, жүрек-қан тамыр жүйесінің ауруларының және инсульттің алдын алады дейді мамандар.

«Қоғамдық келісім» КММ аға сарапшысы, облыстық ҚХА жанындағы Волонтерлар орталығының үйлестірушісі Нұргүл Ақсақалова: «Донор болу арқылы біз түрлі жағдайға тап болған жандардың өмірін сақтап қалуға үлес қосамыз. Сіздерді акцияға белсене қатысып, сауапты іс жасап, адам өмірін сақтап қалуға шақырамыз! Бұндай акциялар алдағы уақытта өз жалғасын табады», – деді.

DOSTYK_NEWS

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<