Қызылорда облыстық қан орталығының ұйымдастыруымен «Донор бол, өмір сыйла!» акция өтті.
Қашанда көмекке ділгір жанға қол созуға әзір құтқарушылар бұл акциядан да қалыс қалмады. Себебі олар кішкене қан беріп, адам өмірін алып қалу қызметтік міндет қана емес, адамгершілік белгісі деп біледі. Сондықтан болар жыл сайын ерікті түрде қан берушілердің саны артып келеді. Ал Қызылорда облысы ТЖД «Жедел құтқару жасағы» РММ бас құтқарушы Ғалымжан Шермаханов 20 жылдан бері тұрақты түрде донорлық қан тапсырып келеді.
– Бағамдап қарасақ, қан тапсыру – сауапты әрі жауапты іс. Бұл қадам донордың өзіне физиологиялық жағынан да, психологиялық тұрғыдан да пайдалы. Егер еліміздің әрбір тұрғыны қан тапсыруды өзіне азаматтық парыз деп санаса, сан мыңдаған науқас ауруынан айығып, аяғына нық тұрар еді» – дейді ол.
Расында, донор бір рет қан өткізу арқылы орта есеппен үш адамның өмірін құтқарады. Ал тұрақты түрде қан тапсыратын донорлар жылына 12 адамды аман алып қалуға көмектеседі екен. Ал, донорлық қан түрлі жарақат алғандар мен күрделі оталар кезінде тіпті бала босану кезінде көп қан жоғалтқан әйелдерге таптырмас ем. Сондықтан болар дәрігерлер донорлық қан құю бұл науқасты аман қалудың бірден бір жолы дейді.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<