Невада штатының атлетикалық комиссиясы мексикалық боксшы Сауль Альвареске (49-1-2, 34 КО) салынған санкцияны алып тастады. «Канелодан» жекпе-жек алдында алынған допинг сынамалардың бірінен тыйым салынған препарат табылған болатын, деп жазады Sports.kz.
Сауль Альварестің 17 және 20 ақпанда тапсырған допинг-сынамасынан кленбутерол табылған болатын. Альварестің мүддесін қорғайтын Golden Boy промоутерлік компаниясы боксшыдан алынған допинг сынамалардың бірінен тыйым салынған препарат – Кленбутерол табылғаны туралы ақпаратты растады. Осылайша, «Канело» ресми түрде рингке оралды. Еске салайық, «Канело» мен GGG-дың алғашқы айқасы дау тудырып, соңында қарсыластар тең түскен еді. Екінші жекпе-жек 15 қыркүйекте Лас-Вегастегі T-Mobile аренасында өтетін болады.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<