11-15 наурыз аралығында Қызылорда облысы көлемінде «Допинг» арнайы операциясының бірінші кезеңі өткізілуде.
Кең көлемді «Допинг» жедел профилактикалық іс-шарасы есірткінің заңды айналымы саласында құқық бұзушылықтарды анықтауға бағытталған.
«Допинг» жедел профилактикалық іс-шарасы барысында Қызылорда облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерімен есірткі құралдарының, психотропты заттардың және прекурсорлардың заңды айналымы саласындағы қызметті жүзеге асыратын дәріханалар мен қоймаларға тексеру жұмыстары жүргізіледі.
Жүргізіліп жатқан жедел профилактикалық іс-шарасы 3 күнінде 7 құқықбұзушылық анықталды.
Іс-шара барысында облыс аумағында орналасқан 7 дәріхана тексеріліп, ҚР ӘҚБтК-нің 426-бабы (фармацевтикалық қызметтің және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласыныың қағидаларын бұзу) бойынша 7 заңбұзушылық анықталды.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<