Допинг» шарасы кезінде 7 заңбұзушылық анықталды

219

0

11-15 наурыз аралығында Қызылорда облысы көлемінде «Допинг» арнайы операциясының  бірінші  кезеңі  өткізілуде.

Кең көлемді «Допинг» жедел профилактикалық іс-шарасы есірткінің заңды айналымы саласында құқық бұзушылықтарды анықтауға бағытталған.

«Допинг» жедел профилактикалық іс-шарасы барысында Қызылорда облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерімен есірткі құралдарының, психотропты заттардың және прекурсорлардың заңды айналымы саласындағы қызметті жүзеге асыратын дәріханалар мен қоймаларға тексеру жұмыстары жүргізіледі.

Жүргізіліп жатқан жедел профилактикалық іс-шарасы 3 күнінде 7 құқықбұзушылық анықталды.

Іс-шара  барысында  облыс аумағында орналасқан 7 дәріхана тексеріліп, ҚР ӘҚБтК-нің 426-бабы (фармацевтикалық қызметтің және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласыныың қағидаларын бұзу) бойынша 7 заңбұзушылық анықталды.

 

 

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<