Қызылорда қаласының білім бөліміне қарасты «№50 «Жұлдыз» балабақшасында «Достық – біздің тірегіміз» атты қалалық семинар өтті. Семинардың мақсаты музыкалық шығармаларды орындау кезінде әнді тану және атай отырып музыканы қабылдауға үйрету болды.
Семинарға қатысушылар «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында әзірленген педогог тәрбиешілері мен тәрбиеленушілердің шығармашылығымен танысып, оқу қызметтерін тамашалады. Семинар барысында балабақша меңгерушісі Шамшиева Қарлыгаш Серикбайқызы сөз алып, семинар жұмысымен таныстырып өтті.
«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында тарихи тұлға, түркі халықтарына ортақ ұлы ойшыл, жырау, қобызшы – Қорқыт атадан бастау алады. Қорқыт ата жайындағы аңыздардан оның бойындағы үш түрлі өнер ерекше айқындалады. Семинарға қатысушы балаларды әуез жетекшісі Қорқыт бабамыздың қобызымен және ұлттық аспаптарды таныстырды. Оқу қызметінде шаттық шеңберінен бастап, үш тілде әуенмен амандасып түрлі ойындар ойнатылды. Сайыстың ұпай сандары ноталармен бағаланды.
Сондай-ақ, қазақ, өзбек, грузин, орыс, украйн халықтарының әуенін тыңдатып, биін билетіп, ойын арқылы аспаптарымен таныстырды. Интерактивті тақтада флипчарт технологиясымен жұмыс жасады. Семинар соңында ата-анамен жұмыс «Ой мен ойын» интеллектуальді ойыны ойналып, тәрбиешілер мен тәрбиеленушілермен бірігіп, «Мәңгілік елдің- бақытты бүлдіршіндері» тақырыбында сахналық қойылым қойды.
Қызылорда қаласы білім бөлімінің баспасөз қызметі
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<