Дәптер тексерген мұғалімнің үстемақысы 1 қаңтардан бастап көтеріледі

278

0

Осы жылдың бірінші күнінен бастап дәптер тексерген, сыныпқа жетекшілік еткен ұстаздардың айлығына қосымша үстемақы 25% жоғарылайды.
2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап 25% қосылады. Сынып жетекшілік, дәптер тексергені үшін үстемақы 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап қосылады. Егер магистр дәрежесі бар болып, қазір жұмыс істеп жүрген болса, онда 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап үстемақы қосылады. Тәлімгерлікке келсек, қазір қағидаларын әзірлеп жатырмыз. Қағида қабылданғаннан кейін, заңды түрде рәсімделген соң реттейміз. Негізінде, біз оқу жылына жоспарлағанбыз. Бізге қаржы жеткілікті. Максималды түрде қарастыруға тырысамыз. Әділет министрлігімен кеңесілгеннен кейін, қағиданы бекіткен соң, тиісінше сол уақыттан бастап тәлімгерлік үшін тиісті ақы төленетін болады, – деді білім және ғылым вице-министрі Бибігүл Асылов ОКҚ брифинг барысында.

BAQ.KZ

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<