Дәрі-дәрмек бағасын мобильді қосымша арқылы бақылауға болады

204

0

Денсаулық сақтау министрлігі дәрі-дәрмектердің бағасын өткен жылдан бері жіті қадағалауды қолға алғаны белгілі. Елімізде препараттардың шекті құны бекітіліп, ол арнайы мобильді қосымша арқылы бақыланатын болды.
Оның көмегімен Қазақстан аумағында тіркелген дәрілік заттар бойынша толық ақпарат алуға болады. «Егер бұл тізімде іздеген дәрі табылмаса, онда ол ел аумағында тіркелмеген және күмәнді препарат болып есептеледі», – дейді мамандар.
Дәріхана ұсынған баға мобильді қосымшада көрсетілген бағадан асып кеткен жағдайда, шағым қалдыру мүмкіндігі де қарастырылған. Дәріхана үшін мұндай шағымдар әкімшілік жауапкершілікпен аяқталуы мүмкін.
Нұрбек Әділханов, облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін БД бөлім басшысы:
– Дәріхана шекті бағадан жоғарылатып сатқан жағдайда, бірінші жағдайда 70 айлықтық есептік көрсеткіштен 1000 айлықтық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салынады. Ал 1 жылдың ішінде қайталанған жағдайда дәріхананың лицензиясы 6 айға дейін тоқтатылады. Қазіргі күнге дейін тұрғындар тарапынан өтініш келіп түскен жоқ.
Маржан Мұхтарова, қала тұрғыны:
– Осы 2-3 ай ғана болды, дәрігердің берген дәрі-дәрмегін бірінші осы қосымшадан тексеріп аламын. Қандай бағада екенін көріп аламын. Сол бағаға кез келген дәріханадан алатыныма сенімді болып келемін. Сәйкес келмеген кездер әлі болған жоқ. Барлығы сәйкес келіп жатыр.

https://24.kz/

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<