Дәрігерлердің жалақысы 20%-ға дейін көтеріледі

272

0

Дәрігерлердің жалақысы 20%-ға дейін көтеріледі Ең алдымен алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін дәрігерлердің жалақысын көтеру қарастырылады. ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Үкіметтің кезекті отырысында 2019 жылдан бастап жалпы практика дәрігерлерінің, бейінді мамандардың қызмет тарифтерін кезең-кезеңімен арттыру туралы мәлімдеді, – деп хабарлайды Zakon.kz.
«Алғашқы медициналық көмек мамандарының құзіретін арттыру бойынша бейінді дәрігерлерге өкілеттіктер беруді ескере отырып, алғашқы медициналық көмек мамандарының қызметтерін кеңейту және отбасылық дәрігерлерді дипломнан кейін оқыту жаңа стандартын енгізу жоспарлануда», – деді ол. Оның айтуынша, мамандарды ынталандыру мақсатында 2019 жылы қызметтеріне тариф сомасын кезең-кезеңімен арттыра отырып, жалпы практика және бейінді дәрігерлерге келісімді еңбекақы төлеу енгізілетін болады. «Бұл алғашқы медициналық көмек мамандарының жалақы деңгейін 20 %-ға дейін арттыруға мүмкіндік береді. Алғашқы медициналық көмек дәрігеріне шаққанда қаралатын пациенттер санын 1700 адамға дейін төмендетіп, медициналық мамандардың жүктемесін азайтуды қамтамасыз етеді», – деді министр.
Сондай-ақ министрдің сөзінше, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры аясында бекітілген халықтың тек белгіленген мөлшері шегінде ғана алғашқы медициналық көмек ұйымдарын қаржыландыру қамтамасыз етілетін болады. «Бұл шаралар аурулардың және асқынған ауырулардың профилактикасын жақсартуға алып келеді», – деді Біртанов.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<