Дүйсенбі Смайылов көшесінде күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде

218

0

Фото: Шиелі ауданы әкімдігі

Аудан әкімі Айтбай Жандарбеков тиісті сала басшыларымен бірге Шиелі кентіндегі Дүйсенбі Смайылов көшесінде жүргізіліп жатқан күрделі жол жөндеу жұмыстарының барысын көрді.

Аталған көшеде қазіргі таңда асфальт төсеу жарық шамдарын орнату жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Жөндеу жұмыстарын «Ақнұр Авто» ЖШС жүзеге асыруда. Жол бойына орнатылатын жарық шамдары заманауи талаптарға сай, энергия үнемдейтін әрі ұзақ мерзімге жарамды етіп қойылады.

Атап өтерлігі, бұл көше №244 Ыбырай Жақаев атындағы орта мектептің дәл іргесінен өтеді. Сондықтан жолдың жаңаруы – оқушылардың қауіпсіздігі мен мектеп маңындағы инфрақұрылымды жақсартуға бағытталған маңызды қадам. Сонымен бірге көшенің көркі мен абаттануы мектептің сыртқы ажарын да арттыра түседі.

Аудан басшысы мердігер мекеме өкілдеріне жөндеу жұмыстарын сапалы әрі белгіленген мерзімде аяқтауды тапсырды. Сонымен қатар, жолдың қауіпсіздігіне, жаяу жүргіншілер жолақтары мен жол белгілерінің дұрыс қойылуына ерекше мән беру қажеттігін ескертті.

Шиелі ауданы әкімінің баспасөз қызметі