«Дүниеге сап-сау болып келді»: Алматыда 51 жастағы әйел егіз туды

243

0

фото: bashinform.ru

Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы өте сирек жағдай – 51 жастағы әйелдің егіздерді дүниеге алып келгені туралы мәлімдеді.

Әйел бұған дейін ұзақ жылдар бойы сәбилі бола алмаған. №2 перинаталдық орталық директорының орынбасары Қымбат Әбдірайымова әйелге кеш жүктілікке жасанды ұрықтандырудың (ЭКҰ) көмектескенін алға тартты. Айтуынша, босанған әйел орталыққа жоспарлы түрде жатқызылып, тиісті дайындық шараларынан кейін кесарь тілігі жасалған.

Ота асқынусыз, сәтті өтті. Қыз бала 2 589 грамм, ұл бала 2 345 грамм болып дүниеге келді. Бақытты ана өзін жақсы сезінеді. Егіздер дүниеге сап-сау болып келді, – деді Қымбат Әбдірайымова.

Отадан кейін ана мен сәбилер босанғаннан кейінгі бөлімнің акушерлері мен жаңа туған нәрестелер бөлімі неонатологтарының бақылауында болды. Ал 4 күннен соң жағдай тұрақты, көрсеткіштері қалыпты болған соң үйлеріне шығарылды.

Мен жасанды ұрықтандыру (ЭКҰ) процесін мұқият тексеріп, барлық ықтимал қауіптерді анықтағаннан кейін бастадым. Бұл кезеңде қиындықтар туындады және жүктілік үшінші IVF әрекетінен ғана пайда болды. Менің жасымда жүктілік кезінде созылмалы аурулардың туындауы және өршуі, сонымен қатар егіз жүктілікке байланысты асқынулар жиі туындайды. Бұл – 2 есе қиын. Бірақ мен балалы болуды армандадым, – дейді егіздердің анасы.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<