«Қазгидромет» РМК дүйсенбі, 3 қыркүйек күні еліміз қалаларындағы метеорологиялық жағдайлар туралы мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Атап айтқанда, Қарағанды қаласында метеожағдайлар ауада зиянды заттардың жиналуына ықпал ететін болады. Ал қалған қалалардың атмосферасы ластаушы заттардан таза болатыны күтіледі.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның жерге жақын орналасқан қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<