Дүйсенбіде елімізде күн райы ашық болады

411

0

Дүйсенбіде елімізде күн райы ашық болады 17 қыркүйекте Қазақстан аумағының басым бөлігінде антициклонның әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, тек республиканың батысы мен шығысында атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты жаңбыр жауып, найзағай болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.
Республиканың солтүстігі мен шығысының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман күтіледі. Жамбыл, күндіз Түркістан, Қызылорда, Атырау, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, Қызылорда облысында шаңды дауыл соғады. Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Ақмола облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі. Күндіз Батыс Қазақстан, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде найзағай күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді, Батыс Қазақстан облысында бұршақ жаууы мүмкін.
Қызылорда, Түркістан, Маңғыстау облыстарында, Жмбыл, Атырау облыстарының басым бөлігінде, Батыс Қазақстан, Ақтөбе және Қарағанды облыстарының кей жерлерінде жоғары  өрт қаупі сақталады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<