Дзюдо: «Абай-Дәулет» жүлдесіне арналған республикалық турнир басталды

173

0

Фото: Спорт басқармасы

Бүгін Сырдария ауданы Бесарық ауылында дзюдодан 2009-2010 жылы туылған жасөспірімдер арасында «Абай-Дәулет» жүлдесіне арналған республикалық турнирдің ашылу салтанаты өтті.

Дзюдо: «Абай-Дәулет» жүлдесіне арналған республикалық турнир басталды

Шараға Қызылорда облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасы басшысының орынбасары Жігер Айекешов, «Абай-Дәулет» ЖШС директоры Мұрат Сәрсенбаев, облыстық мәслихат депутаты, Дзюдо федерациясының президенті Садық Мұстафа, ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушы, спорт ардагері Ишанбек Жұмабаев қатысып, жарыс қатысушыларына сәттілік тіледі.

Екі күнге созылған дүбірлі додаға Өзбекстан мемлекетінен және еліміздегі 12 облыстан 500-ге жуық спортшы 17 салмақ дәрежесінде сынға түспек.

Жарыс қорытындысы ертең анықталады.

Қызылорда облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<