Дзюдодан әлем чемпионатына кімдер қатысады

329

0

Дзюдодан әлем чемпионатына кімдер қатысады 20-27 қыркүйек күндері Баку қаласында дзюдодан өтетін әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан құрамасы белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Дзюдо федерациясының баспасөз қызметі мәлім еткендей, әлем біріншілігіне әлемнің 130 елінен 800-ге жуық дзюдошы 14 салмақ бойынша жүлдені сарапқа салады. Халықаралықдзюдо федерациясының ережесіне сәйкес, әлем чемпионы атанған спортшыға әлем рейтингінде 2000 ұпай, күміс жүлдегерге 1400, ал қола жүлдегерге 1000 ұпай қосылады.
Сондай-ақ, Әлем чемпиондарына 26 мың еуро, күміс жүлдегерге 15 мың еуро,ал қола жүлдегерге 7 еуро сыйақы беріледі. Бакуде өтетін дзюдодан әлем чемпионатына Қазақстан ұлттық құрама командасынан 17 спортшы қатысады.
 Олар: Ерлер: Ғұсман Қырғызбаев (-60 кг) Ерлан Серікжанов (-66 кг) Жансай Смағұлов (-73 кг) Бекәділ Шаймерденов (-73 кг) Азиз Қалқаманұлы (-81 кг) Дидар Хамза (-81 кг) Ислам Бозбаев (-90кг) Виктор Демьяненко (-100 кг) Ерасыл Қажыбаев (+100 кг) Әйелдер: Галбадрах Отгонцэцэг (-48 кг) Севара Нишанбаева (-57 кг) Ақниет Тұрдан (-63 кг) Аэлита Щербакова (-70 кг) Ажар Салықова (-70 кг) Зарина Райфова (-78 кг) Гүлжан Исанова (+78 кг) Камила Берліқаш (+78 кг

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<