Өмірді жеңілдететін әдістердің бірі – тізім жазып жүру. Біреулер оны уақыт жоғалтатын артық іс деп ойлауы мүмкін, алайда миыңыз артық ақпараттан босап, не істеймін, не қоямын деп бас қатырмайсыз. Өмірде адамның барлығында мынадай тізімдер болуы тиіс.
Күнделікті атқаратын істердің тізімі
Бұл ең ішінде жалықтыратын, қажетсіз тізім көрінуі мүмкін. Дегенмен сізде бұл тізім болса ісіңіз де, ойыңыз да жинақы болады. Ешқандай кездесуді ұмытпайсыз және оған кешікпейсіз. Адамдарды туған күнімен құттықтауды ұмыт қалдырып ренжітпейсіз. Атқаратын істеріңіз ретімен жазылып тұрғандықтан әрқайсысын орнымен, жүйемен жасайсыз. Креативті идеялар Шығармашылық – кенеттен құылып тұратын үдеріс. Ойыңызға тың нәрсе келгенде дереу жазып қоймасаңыз, ол ұшып кетеді де, басқа біреудің басына қонады. Сіз ойлап жүргенді басқа біреу жүзеге асырып жатқанын көріп, қолыңызды мезгілінен кеш сермегенше, бірден тізімге қосып қойып, орындауға асығыңыз.
Міндетті түрде көру керек фильмдер тізімі
Қазір екі күн сайын бір фильм жарық көреді десек артық айтқандық болмас. Олардың барлығын көріп үлгеру мүмкін емес. Ішіндегі таңдаулы фильмдерді ғана көріп, эстетикалық ләззат алып, рухани жаныңызды байытқыңыз келсе, өзгелер ұсынған және өзіңізге көзге түскен фильмдердің тізімін жазып жүріңіз. Оқитын кітаптар тізімі Киноға қатысты жағдайды кітаптарға да байланыстырып айтуға болады. Не оқимын деп сандалмай, алдыңызда тізім дайын тұрса, қолыңыз қалт еткенде өздігіңізден кітапқа бас қоюды әдетке айналдырасыз. Ал бұл әдет ертең ешкімге қол жаймай, әлдекімнің кеңесіне мұқтаж болмай өмір сүрудің баспалдағы деп біліңіз.
Армандар тізімі
Мұндай да тізім бола ма деп ойлауыңыз мүмкін. Психологтар қалауыңызды қағазға жазған сайын орындалу ықтималдығы артатынын айтады. Ал бір күні арманыңыз таусылып қалса ше? Өмірден не қалайтыныңызды өзіңіз де білмей, барлығынан безініп кететін кездер басыңыздан өтті ме? Мұнда жағдайдың алдын алуға армандар тізімі көмектеседі. Оны сақтаңыз, қорғаңыз, іске асырыңыз. Қызықты жағдайлар Өткен өміріңізді кино лентасындай көз алдыңыздан өткізіңіз. Ешқандай қызық оқиғалар есіңізге түспеді ме? Олай болса осы парақты толтыруды себеп қылып бүгіннен бастап өміріңізді қызыққа толтыруды қолға алыңыз.
Істеуге болмайтын істер
Адамдар «жұмысқа баруым керек», «кітап оқуым керек», «достарыма хабарласуым керек» деген өңкей «керек»-тен құралған тізімдерге үйреніп қалған. Ал сізде «керек емес» деген тізім де болсын. Теелдидар алдында құр жатуға болмайды, ағзаны зиянды тағамдармен қорламау, өтірік айтпау, өсек айтпау – осы сынды өзіңізге зиян келтіретін әрекеттер тізімін де жасап қойыңыз. Сонымен бірге өмірде бірінші рет істеген істеріңіздің, бірінші рет болған жеріңіздің тізімдерін жазып жүруге де болады.
Ал сіз қандай тізімдер ұсынар едіңіз?
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<