ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен қолданыстағы «Е-қызмет» жүйесінің тиімділігін арттыру бойынша мемлекеттік органдардың кадр қызметінің қызметкерлерімен облыс әкімдігінің мәжіліс залында кең көлемді кездесу өткізілді.Кездесуді департамент басшысы Мұхимов Абзал Сансызбайұлы ашып, жүргізіп отырды.
Облыс көлеміндегі мемлекеттік мекемелерде «Е-қызмет» ақпараттық жүйесінің қолданылу жағдайы туралы департаменттің мемлекеттік қызмет басқарманың бас маманы Ғ.Ниязбеков хабарлама жасады.
Келесі кезекте облыс әкімі аппаратының персоналды басқару бөлімі басшысы Т.Ерманов «Е-қызмет» ақпараттық жүйесін тиімді пайдалану және жетілдіру бағытында ұсыныс-пікірлерін білдірді.





