Егіз полицейлер

410

0

Қызылорда облысы Полиция департаментінің Арал аудандық полиция бөлімінде егіздер қызмет атқарады. Егіздер жұптары жазылмай бір саланы таңдаған. Полиция капитаны Сағиев Байқазақ Аралбайұлы аудандық полиция бөлімінің Жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің аға учаскелік полиция инспекторы, ал сыңары полиция капитаны Аралбаев Әліби Аралбайұлы бөлімнің учаскелік полиция инспекторы лауазымында қызмет атқарып келеді.

Полиция капитаны Аралбаев Әліби Аралбайұлы қолы қалт еткенде шығармашылықпен айналысып, өнер жағынан өзінің шығарған жүрек жарды жыр шумақтарымен бөлімнің қоғамдық жұмыстарына қатысып белсенділік танытса, ал полиция капитаны Сағиев Байқазақ Аралбайұлы бос уақытында түрлі музыкалық аспаптарда ойнағанды жақсы көреді.

Полиция капитаны Б.Сағиев нәтижелі жұмыстарының арқасында мақтаулы маман атанды. Өткен жылы Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінде кәсіби қасиеттерін, дене даярлығын, сондай-ақ халықтың пікірін тексеру жөніндегі комиссиямен таңдалған бірқатар үздік учаскелік полиция инспекторларының слеті өткізілді.

Барлық қатысушылар грамоталар мен «Үздік учаскелік инспекторы» төсбелгісімен марапатталды. Слетке қатысушылар арасында полиция капитаны Сағиев Байқазақ Аралбайұлы бар. Адамға көмектесу-оның өмірлік ұстанымы мен басты борышы.

Егіздер аудандағы қоғамдық тәртіпті сақтау мен қамтамасыз етуге қызмет етіп жүрген жас мамандар. 30 жастағы жігіттердің қатарласып бір салада жұмыс істеп жүргендеріне біріне 6 жыл, екіншісіне 9 жыл болды.

Екеуі де қызметтерін адал атқарып, жоғары көрсеткіштерге ие болғаны үшін бірнеше рет Қызылорда ОПД-нің, бөлім бастығының, аудан әкімінің Грамоталары мен Алғыс хаттарымен марапатталған.

«Екеуміз де өскенде форма киген полиция қызметкерлеріне қызығатын едік, екеуміз бір уақытта шаңырақ көтеріп, ата-анамызды қуанттық. Әкеміз Сағиев Аралбай Сағиұлы және анамыз Абдуллаева Қазына Абдуллақызы медицина саласында дәрігер қызметін атқарып, абыройлы зейнетке шықты. Қатарымыздан кем қылмай өсіріп, оқытты. Ата-анамызға деген алғысымыз шексіз» – дейді полиция капитаны Байқазақ Аралбайұлы.

Егіздер бұл саланы таңдағандарына ешқашан өкінген емес. Әріптестері де оларды адал қызметкер ретінде құрмет тұтады.

Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<