Екі Димаш АҚШ-та. Әнші мен полицей Нью-Йоркте кездесті

309

0

Екі Димаш АҚШ-та. Әнші мен полицей Нью-Йоркте кездестіҚазақстандық әнші Димаш Құдайберген Нью-Йоркте қазақ-полицей Димаш Ниязовпен кездесті, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 
 Димаш Ниязов Instagram желісіндегі парақшасында бірге түскен селфи суретін жариялады.  «Димашты екіге көбейтсе не болады?», – деп жазды ол суреттің сипаттамасында.  
«Ән айтатын полицей болады», – деді naziq.n есімді Желі қолданушы.  «Ди Құдайбергеннің күзеті мықты. Dears Нью-Йоркте өтетін концерт үшін алаңдамайтын болды», – деп жазады eva_gennady. «Қазақстандық красавчиктер!», – деп жазды sara.zaochnyy.  
Айта кетейік, Димаш Құдайберген бүгін Қазақстанның Нью-Йорктегі Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы Тұрақты өкілдігіне келді. Бұл туралы Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің ресми жаңалықтарының Telegram арнасында мәлім болды.  
Димаш Ниязов – Нью-Йорк қаласының полицейі, Қазақстан тумасы. 13 жасында АҚШ-қа көшіп кеткен. Бруклин аумағында патруль қызметін атқарды. 2017 жылдың басында үздік полицей атанды. Сонымен қатар, ол кәсіпқой боксшы.